Ақтөбе тұрғыны 2 жылдан бері жаңа туған нәрестесінің сарғайғанын байқамаған дәрігерлерді жазалауға тырысып келеді. Әйелдің айтуынша, уақыт өте келе ауру ауыр асқынуларға алып келген. Қыз мүгедек болып қалды, оған церебралды сал ауруы диагнозы қойылды. Осыдан кейін анасы полицияға арыз жазды, бірақ осы уақыт ішінде іс орнынан жылжымаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.