Әдебиетте ел жадында қалар достық туралы аңыз әңгімелер де ескі естелік оқиғалар да жеткілікті. Солардың бірегейі қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов өзбек ақыны Ғафур Ғұлам арасындағы қыл өтпес достық пен ағалық сыйластық оқырманға үлгі болары анық. Ғафур Ғұлам - өзбек совет ақыны публицист. Өзбек КСР Халық ақыны (1963). Ленин сыйлығының 1970 және Сталин сыйлығының екінші дәрежелі (1946) лауреаты. «Кукан-батрак», «Юлдаш» атты поэмалардың, 15-ке жуық өлеңдер мен әңгімелер жинағының авторы. 35-40 жылдай жолдас болған бұл тұлғалар әдебиет, мәдениет салаларында толағай табысқа жетіп, телегей еңбек атқарған. Аңызға айналған достық турасында өзбек ақыны Мұзаффар Ахмад «Екі дос дастанын» жазған. Сонымен қатар, Алматы қаласында С.Мұқановтың мемориалды әдеби музей кешенінде Сәбит пен Ғафур арасындағы хаттары мен фотосуреттері музей қорында сақтаулы. («Мұқановтың хатханасы» еңбегіндегі хат мәтіндерімен таныс бола аласыздар).
Басқа






































