Дулат Бабатайұлы - қазақ ұлтының тәуелсіздігін аңсап, еліне ой салып, өмір бойы еркіндікті жырлап өткен жырау. Тегі найманның Сыбан-Жарасқұл тармағынан. Жарасқұлдан Қойбас, Шағалақ. Қойбастан - Қосым. Досым, Еспембет батыр. Досымнан Есенкелді, одан Бабатай, одан Дулат таралады.