Елорда әкімдігі жүйелі түрде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыс бірнеше бағытты қамтиды: тұрақтандыру қоры құрылды, «айналым тетігі» жобасы жалғасуда, «форвардтық келісімшарттар» жасалды, жыл сайын маусымдық жәрмеңкелер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесулер өткізіледі және т.б. Бірінші. «Айналым тетігі» жобасы жалғасуда. Жобаға қатысушылар саны 4 желіден 9 желіге дейін кеңейтілді.