Елордамыз Астана қаласында Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен каллиграф Мадина Құсайынның «Қағазда қалған қалам ізі» атты көрмесінің тұсаукесері өтеді. Көрменің мақсаты - құснихат өнерін қайта жарыққа шығарып, Мадина Құсайын сияқты тума таланттарды халықтың назарына ұсыну болып табылады.