Түркістан облысының Шардара ауданында енесінің үйінде асылып қайтыс болды делінген 32 жастағы Гүлзар Қуанышеваның өлімінен кейін күдікке күйеуі ілініп, қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалған. Алдымен қамауға алынып, кейін үй қамаққа ауыстырылған азаматтың ісі қазір сотта қаралып жатыр.