Жасөспірім жетікіншектің бойына отансүйгіштік қасиет дарып, туған жерге, ұлтына, еліне деген махаббаты оянса нағыз азамат болып қалыптасады. Ал адам бойындағы осындай ізгі қасиеттерді қалыптастырып, дамыта түсуде әдебиеттің алар орыны ерекше. Бала күнінен көркем шығарма оқып, рухани құндылықтардың қадірін түсініп өскен адам ғана ел мұраты жолында ерінбей еңбек етеді. Сондықтан кез келген елдің басты мұраты болшақ ұрпағының ізігі адам болып қалыптасуы.