Еліміздегі барлық БАҚ Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы жанармай құю бекеттерінде дизель отыны тапшы болып жатқаны жайында жарысып жазып жатыр. Негізінде Шымкенттің аумағында бүтін бір үлкен аймақты жанармаймен қамтамасыз етуге шамасы жететін қазіргі заманғы мұнай өңдеу зауыты бар емес пе? Мәселе неде? Бұл туралы мұнай және газ нарығы бойынша сарапшы Ерлан Жаукин inbusiness.kz порталына айтып берді.