Нұр-Сұлтан перзентханаларының бірінде таң қаларлық жағдай болды. Анасының жатырынан ұл боп шыққан сәби, анасы кесер тілігінен кейін есін жиғанша қызға айналып кеткен. Ал дәрігерлер бала туралы мәліметті компьютерге енгізіп, босанған келіншекке мынандай "Туу туралы медициналық анықтама" беріп, оған жынысы "ұл" деп ойып тұрып жазып беріпті. Ол аздай, хирург дәрігер Ұлдананың туыстарына хабарласып "шаңырақтарыңызға маңдайы торсықтай ұл келді" деп сүйінші сұраған.