Осыдан біраз жыл бұрын үш жігіт мейрамханада отырдық. Павлодар өңірінен келген қонағымыз - ауған соғысының ардагері. Орден, медальдары баршылық. Оны сол күні Алматыға шақырып тағы бір орден беріпті. Бірақ, оның жүзінен орденге байланысты қуаныш белгісін байқай алмадым. Мұңайып үнсіз отырды.