Короновирус деп аталатын жұқпалы дерттің пайда болып, әлем халықтарын үрей мен қорқынышта ұстағанына бір жарым жылдай уақыт өтіпті. Жұқпаға байланысты осы кезең ішінде неше түрлі бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтылып, вируслог ғалымдар мен мамандар, саясаткерлер әлі күнге дейін бір мәмілеге келе алған жоқ. Керісінше уақыт өткен сайын пікір қайшылықтары да шиеленісіп бара жатқандай.