Елімізде 2024 жылдың 30 маусым – 6 шілде күндері аралығында «Жарма-Көкпекті-Ақсуат» тарихи-танымдық және ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылып, қатысушылар бірқатар жұмыстар атқарды.Бұл экспедицияның негізгі мақсаты – Абылай заманындағы Қалбатау шайқасының тарихын ашуға арналды. Тарихта Қалбатау шайқасы аздап айтылады. Бірақ, оны халық біле бермейді. Себебі, зерттелмеген тарихтың «ақтаңдағы» саналады.