3 маусым күні сағат 12:25 шамасында Қарағанды қалалық ПБ-на қарасты Орталық полиция бөліміне белгісіз біреу Нүркен Әбдіров даңғылындағы үйлердің бірінің ауласындағы орындықтан ішінде екі миллион теңге ақшасы бар қол сөмкені алып кетті деген хабарлама түскен. Арада он минут уақыт өткенде оқиға орынына құрамында тергеуші Арман Иманқұлов, жедел уәкіл Ізмұрат Мүслімов және криминалист Нұрлан Бейсенбеков бар жедел-тергеу тобы жеткен. Алдымен сол жерге барған полиция қызметкерлері ірі көлемде ақшаның жоғалуы бойынша анықтау жұмыстарын жүргізген.