Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұлы Аслан Рысқали жақында Лондонда орналасқан Kennington Green Management limited компаниясының директоры болып тағайындалды. Компания бизнес және басқару саласындағы кеңес беру, менеджмент саласында кеңес беру қызметін көрсетеді. 31 жастағы Аслан Рысқалиді директор етіп тағайындау туралы бұйрық 8 мамыр күні шыққан.