...Желтоқсан оқиғасынан кейiн бiр күнi маған Қасым ағамыз телефон соғып: – Сенiмен жолыққым келедi, – дедi. Ол менi Жазушылар одағында күтетiн болды. Сол уәделi жерде кездестiк. Оңаша бөлмелердiң бiрiнде отырып сөйлестiк. Әңгiме басталар-басталмастан ағамыздың еңкiлдеп тұрып жыламасы бар ма! Неге? Не үшiн? Не болып қалды? Түсiнсем бұйырмасын!