Әлқисса, бәрі неден басталды өзі? Жаз еді, таң ағарып атқан кезі. Үйдегі бір қабырға толған кітап, Түсті оған Инабат пен Дастан көзі. Жұмысқа әкелері кетерінде: «Жүрмеңдер құр ойынның жетегінде, Кітаптан жақсы бір ой оқып, түйсең, Рухани азық болар неше күнге.