Бүгін, 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні ғой. XX ғасырдағы қазақ халқының басына орнаған осы бір қанқасап уақыттың әлі де ашылмаған парағы мен айтылмаған шындығы көп. Сол сүреңсіз күндерде туған ұлтын қалайда өркениет тезіне қоспаққа қам жеген небір есіл ерлердің еңбегі еш еленбей кетті. Біз төмендегі материалды осы мақсат үдесінде өздеріңізге ұсынып отырмыз.