Биткоиндерді әлемдік өндірудегі Қазақстанның үлесі артты және майнингте Қытай мен АҚШ-тан кейін үшінші орынға шықты. Мұндай мәліметтер Кембридж университетінің альтернативті қаржы орталығының 2019 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңдегі биткоиндердің әлемдік өндірісі туралы есебінде көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ВВС-дің Ресейдегі бөліміне сілтеме жасап.