Сарапшылардың мәліметінше, 2021 жылдың маусымында елдегі нан бағасы бір жыл бұрынғығы қарағанда 5,9 пайызға өскен. Нан түрлерінің ішінде қарабидай-бидай наны қатты қымбаттаған - бағасы 9,2 пайызға өскен. Бірақ басқа ұн өнімдері одан да айтарлықтай қымбаттаған. Мысалы, макарон бағасы бір жыл ішінде 10,3 пайызға, ал кеспе 11,6 пайызға өсті. Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 8,2 пайызға қымбаттапты.