Оңтүстік өңірде соңғы он күнде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді. Күннің ыстығына егістік алқаптары жұтап, қурап кетіп жатыр. Оның үстіне су тапшылығы тағы бар. Мәселен, қазір мен тұрған мына Түркістан облысының Отырар ауылында жағдай тіпті ушыққан. Халық еккен егіндерін суарар тамшы су таппай отырмыз дейді.