Дені сау баланың дүниеге келуіне жағдай жасап, оның эмбрион болып бекітіліп, толыққанды нәресте болып қалыптасқанынша жан-жақты бақылайтын дәрігер - акушер-гинеколог. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейiнді қалалық ауруханасының, «Әйелдер денсаулығы» бөлiмшесiнiң акушер-гинеколог дәрігерi Сұңқар Хангельдинамен сұхбаттасудың орайы келіпті.