Әсел Жұмабаева жеті жылдан бері бортсерік болып жұмыс істейді және халықаралық бағыттағы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Оның әріптестерінің арасында 100-ден аса мемлекеттің өкілдері бар. Қыздың айтуынша, карантин шарттары - әріптестер арасындағы тұрақты тақырыптардың бірі. Компанияның барлық қызметкері Абу-Дабиде орналасқандықтан, көбіне олар демалыс күндері үйге ұшып, туыстарына көруді армандайды.