Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын 21 күн аралықпен ала алмай жатқанына шағымданды. Олардың айтуынша, вакцинация пункттерінде бас санитар дәрігердің - екінші компонентті 45 күн аралықпен салу туралы қаулысына сілтеме жасап, өтініш қабылдаудан бас тартуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.