16 шілде күні Қазақстан олимпиадалық командасының негізгі бөлігі Жапонияға ұшып кетті. Алматыдан бірінші рейспен 128 адам ұшып Токионы бетке алды. Олардың қатарында спортшылар, бапкерлер, дәрігерлер, ғылыми-кешенді топ мүшелері, Олимпиададағы Қазақстан Миссиясының өкілдері бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.