Мезгіл қара күз. Мидай жазық дала. Сонау көз ұшында, көк жиекті бойлай шөккен түйелердей можа таулар – кәрі шоқылар қарауытады. Дала төсіндегі қалың қау шөптер көптен алынбаған жабағыдай ұйысып-ұйысып, сұлап жатыр. Қураған сабақтары мен жапырақтардың сыбдыры болмаса, төңірек бір қарсаңға дайындалғандай тынып қалыпты.