Біздің ұлт тарихында Кенесары Қасымұлының Ресейге қарсы азаттық соғысы ұлт-азаттық көтерілісі деп бүркемеленіп сипатталады. Шын мәніне келгенде бұл ешқандай да көтеріліс емес, басқыншы елге қарсы азаттық соғысы деп қарастыру – күн тәртібіндегі мәселе. Соғыс пен көтерілістің арасы жер мен көктей ұғымдар. Ендігі тарих оқулықтарында Ресейдің қазақ даласына деген отаршылдық саясатын әшкерелей отырып, Кенесары Қасымұлының азаттық соғысы деп жазылуын талап етеміз.