Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін соғыс ардагері Кенжебай Мәденовке (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы берілді. Сонымен қатар оған айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені табысталды. Бұл – Қазақстандағы ең жоғары мемлекеттік марапаттардың бірі. Аталған шешім Кенжебай Мәденовтің майдан даласында көрсеткен ерлігіне берілген тарихи баға ретінде қабылданды.
Басқа