Көкшетауда саяжай тұрғындары бір-бірімен қырық пышақ болып қырқысуда. Өйткен, он шақты адам саяжайға кіріп шығатын жолға шлагбаум мен бетон блок қойып тастаған. Олар ерсілі-қарсылы күнде ағылатын көліктер көк шаң көтеріп, содан тынысымыз тарылды деп шағымданды. Ал екінші тарап бау-бақшамызға жете алмай қалдық деп қиғылық салуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат “КТК” арнасына сілтеме жасап.