Ауыл әкімдерін халық сайлайды деп отырғанда, Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Оразақ ауылына әкімді аудан басшысы тағайындамақ. Тіпті, халыққа өз кандидаттарын таныстырып та қойыпты. Бірақ оразақтықтар әкімнің адамын басшы қылып қоймаймыз, өз арамызда да әкім болуға лайық азаматтар бар деп қарсы болып отыр. Ал ауданның шенеуніктері сайлау туралы заң әлі күшіне енбеді, сондықтан біздің әрекетіміз заңды дейді.