Елімізде ана өлімі мен жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан көз жұму көрсеткіші біршама артқан. Мұны денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кезінде айтты. Шенеуніктің сөзінше, жүрек дертінен құрбан болғандар көрсеткішінің күрт өсуіне коронавирус себеп. Бір сағаттан астам уақытқа созылған жиында министр өзге де мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.