Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысының Арқа жерінде тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырды. Бұл ауылдың тұрғындары эвакуацияланған болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты ҰҚК ШҚ шекара бөлімшелері қорғаныс позициясын ұстанып отыр.