1. Әуелгі сөзӘдебиет пен өнерге еш қатысы жоқ көлденеңнен кездейсоқта киліккен әлдекімдер шедевр мұрамыз – «Қыз Жібек» жырында баяндалған жайттарды «терістеп», жоқты бардай, ақсақты тыңдай еткен өтіріктерін басылым беттерінде үздіксіз насихаттаған-ды. Бұған көпшіліктің сеніп қалғаны да рас. Бірақ қарапайым халыққа нендей кінә артасың тарих пен әдебиет саласында бәлен жыл нан тауып, сорпа-суын айырып жүргендердің өздері асыл мен жасықты, ақиқат пен жалғанды айыра алмай адасқанда…Әрине, айтылған бұл шындықтың ауыр қабылданары анық. Осы өтірікке құдайдай сеніп, кезінде қосыла шапқан кейбіреулер абыройы төгілгендей сезініп, жалған намысқа басып байбалам салуы да бек мүмкін. Бірақ санасы биік, парасатты адам ақиқатқа қай кезде де бас иері күмәнсіз...