(XX ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысы)Әлемде ерекше немесе еркін экономикалық аймақтар ашық экономиканың көрінісі ретінде өткен ғасырдың 70-жылдары пайда болып, кең тарала бастады. Бұлар, негізінен, халықаралық экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталып, оған қатысушы елдер арасындағы сауда және кедендік кедергілерді жойып, инвестиция нарығын дамытуға бағытталған алғашқы қадамдар болатын. Аталмыш аймақтар жекелей әкімшілік құрылымдардың территорияларында шаруашылық қызметке ерекше жеңілдіктер беру тәртібімен құрылды. Еркін экономикалық аймақтың алғашқылары Қазақстанның егемендік жариялаған кезінен бастап-ақ Жезқазған, Талдықорған, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында құрылды. Кейіннен Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары еркін экономикалық аймақтар болып жарияланды. Осылайша, арнайы экономикалық аймақ құрудың тәжірибесі жинақтала бастады.