Қызылорда облысы Арал ауданында 150-дей оқушы биыл жаңа оқу жылында мектептің емес, әкімдік ғимаратының табалдырығын аттағалы отыр. Өйткені небәрі бес жыл бұрын ғана бюджеттің 400 миллион теңгесіне салынған ауылдағы су жаңа білім ұясы жабылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.