"2021 жылдың 30 сәуірінде Ақтау қалалық соты Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары" ММ басшысы Әбдіхалықовқа 30 миллион теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, "Жанрин" ЖШС директоры Сүйінов 15 миллион теңге айыппұл төлейді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров брифингте.