Жаһандану дәуірінде түрлі ұлт өкілдері, діндер, саяси идеологиялар арасында диалог қалыптастыру өзекті мәселеге айналуда. Жаңа ақпараттық технологиялардың үдемелі дамуының нәтижесінде мәдени, саяси, экономикалық және діни әртүрліліктің күшеюіне алып келді. Түрлі процестердің нәтижесінде пайда болған дұшпандық пен сенімсіздік біздің эмоционалды әл-ауқатымызға, қарым-қатынасымыздың сапасына және демократиялық институттарымыздың тұтастығына нұқсан келтіруде.Шын мәнінде, саяси және мәдени, әсіресе ұлтаралық, дінаралық поляризация бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған жаңа сын-қатерлердің бірі.