Қазір әлеуметтік желіде "миллионмен декретке" шығуды үйрететін түрлі марафондардан көз сүрінеді. Бәрі ақша табуды үйретеді, миллион табысқа жеткізеді. Ал соңғы тренд - декретке миллион теңгемен шығаруға көмектеседі. Бірақ мұндай онлайн сабақтардың көздегені мүлдем басқа дейді қаржыгер мамандар. Олар керісінше жүкті қыз-келіншектердің өздерін тақырға отырғызады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.