Мұстафа Кемал Ататүрік - Түркия Республикасының негізін қалаушы тұңғыш Президент, реформатор, әскери қолбасшысы және әлемдік деңгейде танымал тұлға.Ол 1881 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы 10 қарашада сағат 09.05 минут өткенде өмірден озды. Содан бері әр жылы дәл осы уақытта Түркия бойынша еске алу рәсімдері өтеді. Түркия көшелеріндегі барлық көліктер, жаяу жүргіншілер тоқтап, құрмет көрсетеді.