Әмбебап білімді болу, көп тіл білу – қазіргі заман талабы. Дәуірдің алға тартқан осынау ауыр сынынан сүрінбей өтіп, бірнеше тіл біліп, ғылымның да бірнеше саласын меңгеріп, Қазақ ғылымына үздік үлес қосып келе жатқан жас ғалымдар қатары өсіп келеді. Өрге шапса өршеленер шын жүйріктей бірнеше ғылым саласында еңбектеніп жүрген тарихшы, аудармашы, жас ғалым Өмірбек Қанайдан алаштанушы Әділет Ахметұлының алған сұхбатын оқырман назарына ұсынамыз.