1. Сөз басыКүнқожа Қайрулла есімді жас «зерттеуші»: «Бесқала қазақтарының күйлері» атты ноталық жинақ шығардым. Авторлары 18-ғасырдан басталатын осы жинақ арқылы қазақтың ұлттық музыкасына қызығатын қауым халық күйі атанып жүрген «Қарасай» атты тамаша туындының авторы бесқалалық Қарасай Қалиұлы, бұрын Қазанғаптың күйі деп саналып келген «Орынбай Ақжелеңнің» авторы Шүйт Орынбай екенін, сондай-ақ Сыр бойында дүниеге келгенмен Бесқалада өмір сүрген Шал Мырзаның, ақтөбелік атақты күйші Қазанғап Тілепбергенұлының шығармашылығы Бесқала өңіріне де ортақ екенін білетін болады...» – депті республикалық «Түркістан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында (Қараңыз: Бесқала қазақтарының музыкалық мұрасы − ұлт руханиятын байытар құндылық. turkystan.kz)Аталған бұл «Бесқала қазақтарының күйлері» деген кітап 2020 жылы Алматы шәріндегі ЖК «Волкова Е.В» баспаханасында басылып шығарылған екен. 160 бет. Таралымы 500 дана.Кітап авторын Қарақалпақстаның Бесқаласынан қоныс аударған, жұмыс орны Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дейді. Сонымен «Бесқала қазақтарының күйлері» деген дүниемен таныса отырып, «зерттеуші» К. Қайрулланың тарихта қатталып қалған нақты деректерді көңілі қалағанынша бұрмалайтын әдепсіздігіне тікелей куә болдық. Көп созбақтамай соларды баяндауға көшейік.