Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ковидке қарсы отандық екпе құжаттарын дайындау және халықаралық сертификациялауға үлес қосқан бірқатар ғалымдар марапатталды. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің жұмыс тобы құрамына енген оқу орнының оқытушылары 12-30 сәуір аралығында екпе бойынша құжаттарды саралап, клиникалық зерттеу қорытындыларын рәсімдеуге қатысты.