2021 жылдың 12 шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел ұялы телефон алуға онлайн несие рәсімдеп беретіндігін айтып, сеніміне кіріп, өзіне айтпай, атынан 250 000 теңге несие рәсімдеп, ақшалай қаражатын иемденіп алғандығын көрсетті.