2023 жылы желтоқсанның 3-күні біз Алматы халықаралық әуежайынан кеңістікке көтерілдік. Негізі, таңғы 7.40-та ұшуға тиісті ұшақ, 11.30-да ғана көкке өрлей бастады. Төрт сағат бойы күту залында емес, ұшуға дайын ұшақта қыбырсыз отыруға тура келді. Алматының құбылмалы ауарайына байланысты кеңістікке кеш шықтық. Біз деп отырғанымыз – Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты сегіз музейдің қызметкерлері. Бұл сапарда 11 адамбыз. Барар бағыт – Француз елінің астанасы Париж.