Алдын ала мәлімет бойынша абайсызда темір балқыған қазандықтың шөміші ашылып кетіп, жұмысшының үстіне төгілген. Дереу ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Өйткені денесінің 90 пайызы күйіп қалған. 32 жастағы марқұм зауытта металл кесуші болып жұмыс істепті.