Ақпарат бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 150 миллиард теңге. Жобаны Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразия даму банкі қаржыландырады. Концессия шартына 2018 жылы 20 жыл мерзімге қол қойылды. Концессионер - "Алсим Аларко", "Макйол Иншаат", "СК Экоплант", "Корея Экспрессвэй" секілді Түркия және Оңтүстік Корея компаниялары құрған "ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар" ЖШС.