Александр Пушкиннің әйгілі «Капитан қызы» повесі қазақ тіліне алғаш рет ХХ ғасырдың басында аударылғаны көпшілікке беймәлім. Бұл аударма – қазақ әдебиетінің аударма мәдениетін қалыптастырған алғашқы қадамдардың бірі. 1903 жылы Қазанда жеке кітап болып жарық көрген Молданияз Бекімов нұсқасы қазақ оқырманын әлем әдебиетінің классикалық прозасымен алғаш таныстырған туынды саналады.