Бүгін, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссия мүшелерімен бірге «Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері» (АЛЖИР) мұражай-мемориалдық кешенін еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды.