Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қызметін сынап, президентке ұжымдық хат жазған семейлік мәслихат депутаттарының басы дауға қалды. Халық қалаулылары өздерінің шағымында облыс басшысының жұмысын тексеру үшін арнайы комиссия құрылуды талап еткен еді. Бірақ бір топ белсендінің бұл шағымын әріптестері сынға алды. Енді олар мандатынан да айырылуы мүмкін. Ал шенділер өздеріне тағылған айыппен түбегейлі келіспейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.