12 қараша күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан тарихы» интернет жобасы мен университеттің тарих кафедрасы бірлесе отырып, студенттер арасында «Тарихи quiz» зияткерлік сайысын ұйымдастырды. Ойында 1 курс студенттері, 1–2 курс магистранттары және 2 курс докторанттарынан тұратын барлығы сегіз команда бақ сынады. Олардың ішінде толықтай түркімен студенттерінен құралған команда да бар. Жарысты тамашалау үшін кафедраның оқытушылары мен студенттері көрермен ретінде қатысып, командаларға жанкүйерлік танытты.
Тарихқа құштар жастар бас қосты: ЕҰУ-де ерекше интеллектуалдық ойын өтті
Басқа