Биыл Түркия мен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына 30 жыл толады. Осы орайда Нұр Сұлтандағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы Елшілігі мен ҚР Ұлттық музейдің қолдауымен «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме ұйымдастырады. Көрмеге Гөбеклітепеде табылған 30 фото қойылады және 1 апта бойы ашық болады. Шараның ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым және оқушылар қатыспақшы.